Оқиға

Алты адам көз жұмған тасжолда тағы да апат болды: қаза тапқандар бар

Жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Атырау–Орал тасжолындағы жол апатынан тағы 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция ақпаратына сәйкес, 26 ақпанда сағат 3:29 шамасында Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде екі көлік соқтығысқан.

Соның салдарынан екі көлік ішінде отырған 4 адам қаза тапты. Тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, 22 ақпанда Орал–Атырау тасжолында жол апаты болып, алты адам оқиға орнында қайтыс болған еді. Бір адам ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota мен Lada автокөлігінің соқтығысуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолда көру мүмкіндігі нашарлаған.

Оқи отырыңыз: Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу жүргізілуде.