Өңірлер

Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Ақтауда екі жеңіл көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды. Жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды lada.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда болды.

"Шығыс-1" және "Шығыс-2" шағын аудандары арасында Audi B4 пен Toyota 4Runner соқтығысты. Бірінші көліктің жүргізушісі екіншіге жол бермеген.

Автокөліктердің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды.

"Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді", - деп мәлімдеді департаменттен.

Жол апатына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Жаңалықтар
0