Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды

Елорда мектептерінде сабақтың қашықтан оқыту форматына ауыстырылуына қатты аяз бен дауылды жел себеп болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қатты аяз бен дауылды желге байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары сабаққа бармайды.   

"2021 жылдың 25 ақпанында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады", - деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі 

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет мамандары 23-25 ​​ақпан аралығында қар жауып, температура төмендейді деп болжаған болатын.

"Исландияның суық ауа массаларынан бастау алатын белсенді циклонның әсерінен Қазақстанның барлық солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Артынша оған арктикалық антициклон жақындайды – ол ауа температурасын одан әрі төмендетеді", - деді синоптиктер.