Әлем

Әлемге әйгілі актерге әйел зорлады деген айып тағылды – БАҚ

2018 жылдың жазында жас актриса шағым түсірген. Іс тоқтатылып, 2020 жылдың тамызында қайта қарала бастады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Белгілі француз актері Жерар Депардьеге әйелді зорлады және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Франс Пресс ақпаратына сәйкес, айып 16 желтоқсанда тағылған. Шағым түсірген жас актриса оқиға 2018 жылдың жазында болғанын жеткізді.

Әлемге әйгілі актерге әйел зорлады деген айып тағылды – БАҚ

Қылмыс құрамы анықталмаған соң тергеу 2019 жылдың маусым айында тоқтатылды. Әртіс мұндай жағдай мүлдем болмағанын айтты. 2020 жылдың тамызында Париж прокуратурасы істі қайта қарау туралы сұрау жіберді. Өткен жылдың қазан айында тергеуші істі жандандырғаны белгілі болды.

Жерар Депардье ең әйгілі француз актерлерінің бірі, жүздеген фильмге түскен. Ол 2013 жылы Франциядан кетті. Байларға салынатын салық тым көп болуымен келіспей, Ресей азаматтығын алды.