Әлем

Әлемге әйгілі актерге әйел зорлады деген айып тағылды – БАҚ

© REUTERS / Jean-Paul PelissierАмериканский актер Антонио Бандерас, получивший премию "Лучший актер" за роль в фильме "Боль и слава" на церемонии закрытия 72-го Каннского международного кинофестиваля
Американский актер Антонио Бандерас, получивший премию Лучший актер за роль в фильме Боль и слава на церемонии закрытия 72-го Каннского международного кинофестиваля - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
2018 жылдың жазында жас актриса шағым түсірген. Іс тоқтатылып, 2020 жылдың тамызында қайта қарала бастады

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Белгілі француз актері Жерар Депардьеге әйелді зорлады және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Франс Пресс ақпаратына сәйкес, айып 16 желтоқсанда тағылған. Шағым түсірген жас актриса оқиға 2018 жылдың жазында болғанын жеткізді.

© РИА Новости / Медиабанкке өтуБелгілі француз актері Жерар Депардье
Әлемге әйгілі актерге әйел зорлады деген айып тағылды – БАҚ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Белгілі француз актері Жерар Депардье

Қылмыс құрамы анықталмаған соң тергеу 2019 жылдың маусым айында тоқтатылды. Әртіс мұндай жағдай мүлдем болмағанын айтты. 2020 жылдың тамызында Париж прокуратурасы істі қайта қарау туралы сұрау жіберді. Өткен жылдың қазан айында тергеуші істі жандандырғаны белгілі болды.

Жерар Депардье ең әйгілі француз актерлерінің бірі, жүздеген фильмге түскен. Ол 2013 жылы Франциядан кетті. Байларға салынатын салық тым көп болуымен келіспей, Ресей азаматтығын алды.

Жаңалықтар
0