Өңірлер

Сарыағашта полиция ұзату тойының үстінен түсті

Той иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 87 510 теңге айыппұл салынады
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 200 адамды жинап, қыз ұзату тойын өткізгендер анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полицияға сол күні аудандағы тойханалардың бірінде той өтіп жатқаны туралы хабар түскен.

"Көрсетілген мекенжайға мобильді топ барып, тексеру жүргізді. Нәтижесінде 200-ге жуық адам тойға жиналғаны белгілі болды. Полицейлерден құрылған мобильді топ тойды тоқтатты", - делінген полиция ақпаратында.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда тойда түсірілген видео желіде тарап кетті 

Той иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынады.