НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қарағанды облыстық сотының судьясы тыйым салынғанына қарамастан мейрамханада той жасаған. Мерейтой кезінде түсірілген видео интернетте тарап кетті, деп хабарлады "Хабар24".
Мобильді топ мүшелері отбасылық мерекенің үстінен түскен. Видеода Исабеков тексерушілермен "сен" деп сөйлесіп тұр, полицейден кім екенін білу үшін маскасын шешуді талап етеді, сонымен қатар мейрамханада прокурорлар да демалып жатқанын айтқан.
Видео бір ай бұрын түсірілген болып шықты, бірақ осы уақыттың ішінде мобильді топтар бұл туралы тіс жармаған. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметтер базасында да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жоқ.