Видео

Бойы небәрі 122 сантиметр: ерекше әйелдің өмірі – видео

Беларусьтегі Гродно қаласының тұрғыны Людмила Бельскаяның бойы бес жасар баладан ұзын емес. Ол ахондроплазия ауруына шалдыққан. Бұл сирек кездесетін генетикалық ауру. Алайда, бұл диагноз оған бақытты өмір сүруге кедергі келтірмейді
Sputnik

Людмила есепші болып жұмыс істейді. Ол серуендегенді және сәнді киінгенді ұнатады. Ол ара-тұра сәнді киімдер сатып алып, шоппинг жасауды әдетке айналдырған.

Бойы бес жасар баламен бірдей бойжеткен қиындықтарға тап болса да, жабырқамайды. Ол бойының қысқалығы оған күнделікті тұрмыста да қолайсыздық тудырып жататынын жасырмады. Қажет болған кезде туыстары қол ұшын созады.

Ол өзінің өзгелерден ерекше екеніне көңіл аудармайды. Өмірдің әр сәтін бағалап, барлық жағдайға позитивті көзқараспен қарауға тырысады.

Бойы 122 сантиметрді құрайтын ерекше әйелдің күнделікті өмірін видеодан көріңіз.