Людмила есепші болып жұмыс істейді. Ол серуендегенді және сәнді киінгенді ұнатады. Ол ара-тұра сәнді киімдер сатып алып, шоппинг жасауды әдетке айналдырған.
Бойы бес жасар баламен бірдей бойжеткен қиындықтарға тап болса да, жабырқамайды. Ол бойының қысқалығы оған күнделікті тұрмыста да қолайсыздық тудырып жататынын жасырмады. Қажет болған кезде туыстары қол ұшын созады.
Ол өзінің өзгелерден ерекше екеніне көңіл аудармайды. Өмірдің әр сәтін бағалап, барлық жағдайға позитивті көзқараспен қарауға тырысады.
Бойы 122 сантиметрді құрайтын ерекше әйелдің күнделікті өмірін видеодан көріңіз.