Қоғам

Тағы да қар жауып, боран соғады – синоптиктер үш күнге болжам жасады

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжауынша, республика аумағында тағы да қар жауып, аяз болады, боран соғады  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш тәулікте, 23-25 ​​ақпанда қар жауып, температура төмендейді, деп хабарлады Қазгидромет.

"Исландияның суық ауа массаларынан бастау алатын белсенді циклонның әсерінен Қазақстанның барлық солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Артынша оған арктикалық антициклон жақындайды – ол ауа температурасын одан әрі төмендетеді", - дейді синоптиктер.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Бүгін, 22 ақпанда синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады.

Тек елдің оңтүстігі мен солтүстігінде жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, екпінді жел және жаяу бұрқасын соғады.