Әлем

Белгілі актриса Екатерина Градова өмірден озды

"17 мгновений весны" фильмінде радиошы Кэт рөлін сомдаған актриса көз жұмды. Ол дәл осы кинотуындыдан кейін танымал бола бастаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Белгілі кеңес және ресейлік актриса Екатерина Градова 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл жөнінде тележүргізуші Андрей Малахов Twitter аккаунтында хабарлады.

Өнер саласының майталманы неден көз жұмғаны белгісіз.

Белгілі актриса Екатерина Градова өмірден озды

Актриса Екатерина Градова 1969 жылы Мәскеу көркем академиялық театрының Студия мектебінің төртінші курсында оқып жүрген кезде "Дарындар мен табынушылар" спектаклінде басты рөлді сомдағанда өнерімен талайды таңғалдырған.

Ал, 1973 жылы "17 мгновений весны" көркем фильмі көрерменге жол тартқан соң, актриса кинематографияда танымал бола бастады. Ол бұл картинада радиошы Кэт рөлін ойнаған.

Еске сала кетсек, 83 жасына қараған шақта "Ирония судьбы" және "Служебный роман" фильмдерінің жұлдызы – кеңес және Ресей актері Андрей Мягков көз жұмды.