Әлем

Белгілі актриса Екатерина Градова өмірден озды

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
"17 мгновений весны" фильмінде радиошы Кэт рөлін сомдаған актриса көз жұмды. Ол дәл осы кинотуындыдан кейін танымал бола бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Белгілі кеңес және ресейлік актриса Екатерина Градова 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл жөнінде тележүргізуші Андрей Малахов Twitter аккаунтында хабарлады.

Өнер саласының майталманы неден көз жұмғаны белгісіз.

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуЕкатерина Градова 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды
Белгілі актриса Екатерина Градова өмірден озды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Екатерина Градова 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды

Актриса Екатерина Градова 1969 жылы Мәскеу көркем академиялық театрының Студия мектебінің төртінші курсында оқып жүрген кезде "Дарындар мен табынушылар" спектаклінде басты рөлді сомдағанда өнерімен талайды таңғалдырған.

Ал, 1973 жылы "17 мгновений весны" көркем фильмі көрерменге жол тартқан соң, актриса кинематографияда танымал бола бастады. Ол бұл картинада радиошы Кэт рөлін ойнаған.

Еске сала кетсек, 83 жасына қараған шақта "Ирония судьбы" және "Служебный роман" фильмдерінің жұлдызы – кеңес және Ресей актері Андрей Мягков көз жұмды.

Жаңалықтар
0