Бүгінде АҚШ әскери-әуе күштері F-35 ұшағының орнына 4+ буынына F-16 жойғышын қолдануды құп көріп отыр.
Бастапқыда Пентагондағылар F-35A тапсырысының көлемін кемінде 40%-ке, яғни, 1 763 бірліктен 1 050 ұшаққа дейін қысқартуды ұсынды. АҚШ F-16 Fighting Falcon ұшағының тапсырыстарын арттыруды көздеп отыр.
F-35 жойғыштарын шамамен 100 миллион доллар бағамен сатып алған америкалық одақтастар мен серіктестердің (Ұлыбритания, Норвегия, Израиль, Италия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония) үміті ақталмады. Себебі, ұшақ 5-ші буын параметрлеріне сәйкес келмейді, жауынгерлік дайындығы болмағандықтан, белгіленген тапсырмаларды орындай алмайды.
Әйтсе де, АҚШ әскери-өнеркәсіптік кешенінің өніміне кезекке тұрғандар азаяр емес. Жақында Біріккен Араб Әмірліктері елу F-35 ұшағын сатып алуға келісімшарт жасады. Израиль жойғыштар паркін үш эскадрильяға (40 машинаға дейін) көбейту жөнінде ниет білдірді.
Бұған дейін жоғары жылдамдықта ұшақтың стелс-жабыны және корпусының бұзылғаны, ұшқыштарға ауа жіберудегі ақаулар және бағдарламалық жасақтамадағы проблемалар туралы хабарланған болатын. Инженерлер кемшіліктерді жойғышты пайдалану кезінде түзетуге тырысқанымен, проблемалар аз емес.
АҚШ әскери-әуе күштерінің F-35A жойғыш ұшағы F135 қозғалтқышымен жұмыс істейді. Алайда, бұл F-35 жойғышының төмен өнімділігінің негізгі себебі болып отыр. Себебі, турбина қалақтарындағы үстіңгі бет қабатының қызып кетуі қозғалтқыштың ерте істен шығуына алып келеді. F135 жиі техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді және ұшақты пайдалану құнын едәуір арттырады. Салыстыру үшін айтсақ, F-35 ұшағының бір сағат ұшуы 31 мың доллар болса, F-16 жойғышының ұшуы 8 мың доллар көлемінде. Оның үстіне, Pratt&Whitney компаниясы F135 қосалқы қозғалтқыштарын бейбіт уақыт кезінде де шектеулі көлемде шығарып жатыр.
АҚШ ӘӘК штабының басшысы кіші Чарльз К.-Браун оны пайдалануға наразылық білдіріп, F-35 жойғышына қарағанда әлдеқайда арзан, F-16 ұшағынан едәуір заманауи бірмоторлы жеңіл жойғыштар әзірлеуді ұсынды. АҚШ әскери-әуе күштері F-16 Fighting Falcon жойғыштарын жаңа жауынгерлік ұшақтармен алмастырудың мақсатқа сәйкестігін бағалауға арналған зерттеу бағдарламасын іске қосты. Зерттеулер 2023 жылдың басына қарай аяқталады.
F-35 ұшағы батыс әлемінде шығарылған жалғыз "бесінші буын" жойғышы болуы мәселені қиындатып тұр. Ал, Boeing өндірісіне жататын F-15 және F-18 жойғыштары қырғи қабақ соғысының төртінші буынының конструкциясы болғанымен, олардың тозығы жетті. АҚШ-тың еуропалық одақтастары өздерінің 5-ші буын жойғыштарын құрастыруға асығар емес. Ал Ұлыбритания, Польша, Бельгия, Италия америкалық F-35 ұшақтарын сатып алуға қаражат салуда.
Американың F-35 жойғышының бұл сәтсіздігі жағдайында ресейлік Су-57 ұшағының технологиялық серпіні әлдеқайда оптимистік сипатқа ие. Ол әлемдегі бесінші буын жойғышы ретінде гипердыбысты зымырандарды игеріп жатыр.