Қоғам

-33 градус: синоптиктер алдағы күннің ауа райын болжады

Синоптиктер алдағы екі күнде республиканың кей аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшеюі мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік аймағында боран соғып, ауа райы күрт төмендейді деп болжануда

Синоптиктер ақпараты бойынша, 18-19 ақпанда елдегі ауа райы Оңтүстік Каспий циклонына тәуелді болады. Республиканың бірқатар облыстарында қар мен жаңбыр жауса, солтүстік аймақта қарлы боран соғады деген болжам бар.

"19 ақпаннан бастап антициклонның ығысуына байланысты елдің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Республиканың солтүстік аумағында түнде ауа температурасы -15 пен -33 градуске дейін төмендесе, оңтүстікте термометр +5, кей жерлерде -10 немесе -15 градусты көрсетуі мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Қазгидромет болжамына сәйкес, республиканың кей аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшеюі мүмкін.