Қоғам

-33 градус: синоптиктер алдағы күннің ауа райын болжады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМұз қатқан терезеден қарап тұрға адам, архивтегі сурет
Мұз қатқан терезеден қарап тұрға адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Синоптиктер алдағы екі күнде республиканың кей аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшеюі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік аймағында боран соғып, ауа райы күрт төмендейді деп болжануда

Синоптиктер ақпараты бойынша, 18-19 ақпанда елдегі ауа райы Оңтүстік Каспий циклонына тәуелді болады. Республиканың бірқатар облыстарында қар мен жаңбыр жауса, солтүстік аймақта қарлы боран соғады деген болжам бар.

"19 ақпаннан бастап антициклонның ығысуына байланысты елдің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Республиканың солтүстік аумағында түнде ауа температурасы -15 пен -33 градуске дейін төмендесе, оңтүстікте термометр +5, кей жерлерде -10 немесе -15 градусты көрсетуі мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Қазгидромет болжамына сәйкес, республиканың кей аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшеюі мүмкін.

Жаңалықтар
0