Өңірлер

Ақтөбеде 10 жасар бала мектепке кетіп, үйіне қайта оралмаған

Ол сынып жетекшісіне хабарласып, анасының ауырып жатқандығына байланысты мектепке бара алмайтынын айтқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Ақтөбеде 10 жасар бала мектепке кетіп, қайтып оралмады, деп хабарлады Polisia.kz.

16 ақпанда қала тұрғыны полицияға хабарласып, 5-сыныпта оқитын баласын іздеуге көмектесуін сұраған, ол сағат 13:00 шамасында мектепке кетіп, қайта оралмаған.

Оқи отырыңыз: Балқашта із-түзсіз жоғалған қыздың қайда жүргені анықталды 

Анасының айтуынша, 10 жастағы бала мектепке баратын болып, үйден шығып кеткен, бірақ оқу орнына бармаған. Белгілі болғандай, ол сынып жетекшісіне хабарласып, анасының ауырып жатқандығына байланысты мектепке бара алмайтынын айтқан. Содан кейін қыдырып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері кешкі сағат 22.00 шамасында "KeruenCity" сауда және ойын-сауық орталығында жоғалған баланы тауып, оны ата-анасына қайтарды.

Полиция ата-аналарды бала үйден кетіп, қайтып оралмаса дереу хабар беруге шақырды. Себебі ол адасып немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін.