Өңірлер

Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото

Вакциналау қаладағы №5 емханада өтті. Тәртіп бойынша мәслихат депутаттары алдымен дәрігердің тексеруінен өтті. Екпе салдырған соң 30 минут дәрігердің бақылауында болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вакциналау қаладағы №5 емханада өтті. Тәртіп бойынша мәслихат депутаттары алдымен дәрігердің тексеруінен өтті. Екпе салдырған соң 30 минут дәрігердің бақылауында болды.

Вакцина салдырған депутаттар арасында Әсия Ақанова, Ақбөпе Әбілқасымова мен Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров бар.

Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото

"Дәрігер болғандықтан, коронавирустың таралуына жаппай вакцина салдыру ғана қарсы тұра алатынын түсінемін. Иммундау ауру қаупін бірнеше есе азайтады. Бүгін әріптестерімізбен бірге халықтың қауіпсіздігі біз үшін аса маңызды екенін көрсеткіміз келді. Бұл вирусты осылай ғана жеңе аламыз", - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.

Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото

Ал қалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров халықтың арасында жиі жүретіндіктен вакцина салдыруды маңызды санайтынын жеткізді.

Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото

Айта кетейік, бірінші ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды.

Бұған дейін Алматыда қаланың бас дәрігері Нариман Табынбаев пен бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров вакцина салдырды.

2021 жылдың 10 қаңтарында Алматы мәслихатына сайлау өтті. Қала бойынша дауыс беруге келушілер 25-30%-ті құрады. Нәтижесінде Nur Otan партиясынан 29 адам, "Ақ жол" партиясынан 4 адам, "Ауыл" партиясынан және Қазақстанның халық партиясынан үш адамнан депутат болды.