Өңірлер

Алматылық шенеуніктер вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинПервым прививку получил заместитель акима Алматы Ержан Бабакумаров
Первым прививку получил заместитель акима Алматы Ержан Бабакумаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада бір тәулікте 200-ге жуық адамның вакцина алатынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Алматыда ресейлік вакцинаны салдырған қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жағдайы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ержан Бабақұмаров вакцина салдырғаннан кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды.

"Жағдайым жақсы. Ауыртпай ине салған дәрігерлерге алғысым шексіз. Вакциналауды пандемияға қарсы күресте маңызды қадам деп санаймын. Отандық вакцина жуырда дайын болады. Біздің ғалымдарға сенеміз", - деді Бабақұмаров.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров алматылықтарды вакцина салдыруға шақырды.

"Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет. Мен әрі қарай жұмыс істей беремін", - деді ол.

"Темекі шегуге болмайды": вакцина салғаннан кейін тағы қандай шектеу қойылады

Ал Жандарбек Бекшин бір тәулікте қалада 200-ге жуық адамның вакцина алатынын мәлімдеді.

"Көңіл күйім өте жақсы. Жылда тұмауға қарсы екпе аламын. Сондықтан оңай өтті. Ресейде екі миллионнан астам адам егілді. Біз де бүгін бастадық. Алдын ала вакцина салушыларды дайындадық", - деді Бекшин.

Айтуынша, қалаға жеткізілген вакцина қажетті температурада сақталады.

Айта кетейік, Алматыда вакцина салу үшін 16 орын дайындалды. Бір күнде 200 адамға вакцина салу жоспарланған.

Жаңалықтар
0