Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды неге кранмен көтергенін айтты – видео

Астаналық жұмысшылар құрбандық шалып, етті мұқтаж адамдарға таратпақшы болған, учаске бастығы жануарға қатыгездік танытқаны үшін кешірім сұрады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тірі сиырды кранмен көтерген құрылысшылар қазақстандықтардан видео арқылы кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаман ойымыз болған жоқ. Бұл құрбандық, етін тұрмысы төмен отбасыларға таратып бермекші болдық. Осы жағдай үшін өз елімнің азаматтарынан тағы да кешірім сұраймын", - деді құрылыс учаскесінің бастығы.

Полицияның ақпаратынша, оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде болды. Құрылысшылар тірі сиырды мұнаралы кранмен салынып жатқан тұрғын үй кешенінің соңғы қабатына көтерген.

Желіде жарияланған видео қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық қатысушысын анықтады.

Бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қолданылады.