НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тірі сиырды кранмен көтерген құрылысшылар қазақстандықтардан видео арқылы кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жаман ойымыз болған жоқ. Бұл құрбандық, етін тұрмысы төмен отбасыларға таратып бермекші болдық. Осы жағдай үшін өз елімнің азаматтарынан тағы да кешірім сұраймын", - деді құрылыс учаскесінің бастығы.
Полицияның ақпаратынша, оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде болды. Құрылысшылар тірі сиырды мұнаралы кранмен салынып жатқан тұрғын үй кешенінің соңғы қабатына көтерген.
Желіде жарияланған видео қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық қатысушысын анықтады.
Бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қолданылады.