Фото

Фукусимадағы жер сілкінісінің салдары – фото

Sputnik

Өткен демалыста жапониялық Мияги және Фукусима префектурасында екі жойқын жер дүмпуі болды.

Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, жерасты дүмпулерінің салдарынан 15 адам зардап шегіп, миллионға жуық үй жарықсыз қалды.

Метеорологиялық басқарма бір апта бойы афтершоктар болуы мүмкін екенін ескертті. Қазірдің өзінде олардың саны 20-дан асып кетті.

Бастапқыда ұлттық метеорология басқармасы жариялаған магнитуда 7,1 болған. Кейінірек бұл болжам 7,3 деңгейіне дейін артты.

Жойқын табиғат апатына байланысты Жапония үкіметінің жанынан құрылған дағдарыстық штаб жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз: Рио карнавалының шаң басқан декорациясы – фото

Tokyo Electric Power энергетика компаниясы жер сілкінісінен кейін "Фукусима-1" АЭС-те штаттын тыс жағдайлар тіркелмегенін хабарлады. Алайда, елдегі бірнеше ЖЭС жұмысын тоқтатты.

Кейінірек "Фукусима" АЭС-тің бірнеше реакторында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндерден шағын су көлемі сыртқа аққаны белгілі болды.

Елдің солтүстік-шығысы мен солтүстігін байланыстыратын жүрдек пойыздардың бірінің тармағы істен шыққаны анықталды.

Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасында мәлімдегендей, бұл жер сілкінісі 2011 жылдың 11 наурызында болған Ұлы шығыс-жапониялық жер сілкінісінің афтершогы болған.

1 / 8
Жапонияның Фукусима префектурасындағы Куними қаласының тұрғындары жер дүмпуі салдарынан құлаған қабырғаларды жинап жатыр.
2 / 8
Жер сілкінісінен "Фукусима" атом электр станциясында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндердің бірінен су жылыстаған. Бірақ Tokyo Electric Power компаниясы ағысы өзгерген су көлемі көп емес екенін және радиациялық жағдайға еш әсер етпейтінін хабарлады.
3 / 8
Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, табиғат апатының кесірінен 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
4 / 8
Фукусима префектурасындағы Кори елді мекенінде құтқарушылар қирап қалған үйлерді тексеріп жүр.
5 / 8
Иваки қаласындағы кітапхана қызметкері жер дүмпуінен шашылып қалған кітаптарды жинастыруда.
6 / 8
Жапонияның Сома қаласына жақын маңдағы тас жолдың бойындағы тау көшкіні жол қозғалысын тұралатты.
7 / 8
Фукусима префектурасындағы жер сілкінісінен кейін Иваки қаласындағы пабтың жетпіс жастағы иесі сынған ыдыстарды сыпырып жатыр.
8 / 8
Сома қаласындағы спорт кешенінде жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы палаткалар орнатылды.