АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Қостанай облысы бас санитар дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа сәйкес, облыстағы кинотеатрлар мен театрлар жұмыс істейді, көрермендер орын санының 20%-нен аспауы қажет. Мәдениет нысандары 30 адамнан аспайтын құраммен дайындық өткізе алады.
Қоғамдық тамақтану нысандары, қала сыртындағы жол бойындағы тамақтану орындарының қызметіне таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін рұқсат берілді. Ол жерде бір мезгілде келуші саны 30 адамнан аспауы қажет. Бір үстелде 4 адам ғана отырады, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр болуы шарт. Сағат түнгі 12-ден кейін алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат.
Фудкорттар алып шығу және жеткізу қызметін ұсынады.
Оқи отырыңыз: Алматыда карантинге байланысты жаңа қаулы жарияланды
Сауда ойын-сауық орталықтары ашылады, алайда ойын-сауық аймағы қызмет көрсетпейді. Азық-түлік дүкендері, дәріхана, кинотеатрды қоспағанда сауда ойын-сауық орталығы жексенбі жұмыс істемейді.
Сонымен қатар ойын-сауық мекемелері, банкет залдары, букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынған.
Қаулы 15 ақпаннан бастап күшіне енді.