Өңірлер

Қостанай облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

© Sputnik / Maksim Blinov / Медиабанкке өтуРебенок на детской площадке во дворе на одной из улиц в Москве
Ребенок на детской площадке во дворе на одной из улиц в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Қостанай облысында карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа қаулы 15 ақпаннан күшіне енді

АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Қостанай облысы бас санитар дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, облыстағы кинотеатрлар мен театрлар жұмыс істейді, көрермендер орын санының 20%-нен аспауы қажет. Мәдениет нысандары 30 адамнан аспайтын құраммен дайындық өткізе алады.

Қоғамдық тамақтану нысандары, қала сыртындағы жол бойындағы тамақтану орындарының қызметіне таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін рұқсат берілді. Ол жерде бір мезгілде келуші саны 30 адамнан аспауы қажет. Бір үстелде 4 адам ғана отырады, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр болуы шарт. Сағат түнгі 12-ден кейін алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат.

Фудкорттар алып шығу және жеткізу қызметін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантинге байланысты жаңа қаулы жарияланды

Сауда ойын-сауық орталықтары ашылады, алайда ойын-сауық аймағы қызмет көрсетпейді. Азық-түлік дүкендері, дәріхана, кинотеатрды қоспағанда сауда ойын-сауық орталығы жексенбі жұмыс істемейді.

Сонымен қатар ойын-сауық мекемелері, банкет залдары, букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынған.

Қаулы 15 ақпаннан бастап күшіне енді.

Жаңалықтар
0