Қоғам

Назарбаев Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Шөмішбай Сариевтің қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың көрнекті ақыны Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Елбасыеың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Елбасы көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді", – делінген хабарламада.

Көрнекті ақын туралы

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысының Арал ауданындағы Шөміш стансасында туған.

1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.

1970-74 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты.

Оқи отырыңыз: Президент коронавирустан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты

1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер жинағы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен әнге жазылған өлеңдері жеке жинақ болып басылған.

2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, 2004 жылы "Тарлан" сыйлығының иегері атанды.