Фото

Қазақстандағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр – фото

Sputnik

Мұнараның аспанмен тілдескен биіктігінен қарағанда қандай әдемі көріністі көруге болатынын елестетудің өзі қиын. Ал, таңғы және кешкі намаз кезіндегі құлшылық дұғаларының дауысы айналаға қандай әсем үнмен таралады десеңізші! Қарқынды жүріп жатқан мешіт құрылысы екі жылдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Бұл нысан өінің әсемдігімен ғана емес, көлемімен де талайды таңдай қақтыратыны қазірден-ақ белгілі болып тұр.

Салыстыру үшін айтар болсақ, жаңа діни нысан елдегі ең үлкен мешіт саналатын "Әзірет Сұлтан" мешітінен үш есе көлемді болмақ.

Жаңа мешіт шамамен 30 мың адамды қабылдай алады. Ал бас күмбездің биіктігі 90 метрге жуықтаса, мұнаралар 130 метр болады.

Ғимараттың жалпы аумағы 70 мың шаршы метрді құраса, құлшылық ететін басты залдың аумағы15 мың шарты метрге жетпек.

Нысан құрылысы шетелдік инвестициялар мен демеушілер қаражатының есебінен жүргізіліп жатыр. Алланың үйі Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында, Mega Silkway сауда-ойын-сауық орталығынан сәл ары, EXPO-2017 ғимаратының артында 9,4 гектар жер учаскесінде орналасқан.

Орталық Азиядағы ең ауқымды мешіттің құрылысы қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан фотоларынан тамашалаңыз.

1 / 12
Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ең үлкен мешіт елорданың сол жағалауында, Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында "Нұр Әлем" сферасының жанында бой көтеріп жатыр.
2 / 12
Бұл айрықша нысан ғимаратының жалпы аумағы 68 мың шаршы метрді, дұға жасауға арналған бас залдың көлемі 15 мың шаршы метрді құрайды.
3 / 12
Мешітке 30 мың адам сыяды.
4 / 12
Мұнда әйел адамдарға арналған үш мың орындық дұға залы да болады.
5 / 12
Діни кешенде кітапхана, Ислам музейі мен қолөнер шеберханасы болады деп жоспарланған.
6 / 12
Бұл мешіт республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болады.
7 / 12
Мешіттегі бас күмбездің биіктігі 88,2 метр болса, диаметрі 62 метрді құрайды.
8 / 12
Мешіт құрылысын демеушілерді қаражатына түрік компаниясы жүргізіп жатыр.
9 / 12
Жобаны жүзеге асыру барысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында. Ол өзінің президент қызметінен кететінін жариялаудан бір күн бұрын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан боалтын.
10 / 12
Сол күні Назарбаев "бұл жерде Бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сәулетті әрі бірегей мешіт салынады" деп атап өтті.
11 / 12
Бұл мұнаралардың бірте-бірте қаланып жатқан сәті. Олар жерден 130 метр биіктікте болады.
12 / 12
Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қор құрылды. Ол қорға Қазақстанның кез-келген азаматы қайырымдылық ретінде қаражат сала алады