Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

Қазір республика бойынша 24 200 адам короновирус инфекциясынан  емделуде, олардың ішінде 5 230 пациент стационарда жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қанша адам көз жұмғанын айтты.

Өткен тәулікте коронавирустан сегіз, ковидтік пневмониядан үш адам қайтыс болды.

Жалпы пандемия басталғалы 2 638 науқас коронавирустан, ал 595 пациент вирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Сондай-ақ, бір тәулікте 920 қазақстандықтан коронавирус табылса, 76 адам пневмонияға шалдыққан.

Тағы оқыңыз: Адамзатты коронавирустан кейінгі пандемия күтіп тұр – қазақ дәрігерінің мәлімдемесі

13 ақпандағы мәлімет бойынша,  24 200 адам короновирус инфекциясынан (15 011 КВИ+ және 9 189 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 230 пациент стационарда, 18 970 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандар арасында:

  • 244 адамның жағдайы ауыр;
  • 46 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 41 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.