НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қанша адам көз жұмғанын айтты.
Өткен тәулікте коронавирустан сегіз, ковидтік пневмониядан үш адам қайтыс болды.
Жалпы пандемия басталғалы 2 638 науқас коронавирустан, ал 595 пациент вирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Сондай-ақ, бір тәулікте 920 қазақстандықтан коронавирус табылса, 76 адам пневмонияға шалдыққан.
Тағы оқыңыз: Адамзатты коронавирустан кейінгі пандемия күтіп тұр – қазақ дәрігерінің мәлімдемесі
13 ақпандағы мәлімет бойынша, 24 200 адам короновирус инфекциясынан (15 011 КВИ+ және 9 189 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 230 пациент стационарда, 18 970 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 244 адамның жағдайы ауыр;
- 46 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 41 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.