НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздың сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздардың бірінің сұхбатын видеоның 7:32 минутынан бастап көруге болады.
Қаскүнемдер халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан және материалдық қиындықтарға тап болған жас қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды өз дегеніне көндіріп, оларды әрі қарай сату және сексуалдық құлдықта ұстау үшін шекара арқылы Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен.
Оқи отырыңыз: Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген
Полиция қызметкерлері тірі тауарды жеткізу арнасын Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Бахрейн Корольдігінің азаматтарынан құрылған оннан астам адамнан тұратын қылмыстық топ ұйымдастырғанын анықтады.
Олар құрбандарына шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынған, алайда қыздар Бахрейнге жеткеннен кейін бірден сексуалдық құлдыққа түскен.