Қоғам

"Ыстық сумен күйдіретін": Сексуалдық құлдықта болған қыз азапты күндерін еске алды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка плачет на лестничной клетке, иллюстративное фото
Девушка плачет на лестничной клетке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қаскүнемдер материалдық қиындықтарға тап болған жас қыздарды алдап, Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздың сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздардың бірінің сұхбатын видеоның 7:32 минутынан бастап көруге болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан ішкі істер министрлігі адам саудасының халықаралық арнасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топты құрықтаған еді.

Қаскүнемдер халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан және материалдық қиындықтарға тап болған жас қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды өз дегеніне көндіріп, оларды әрі қарай сату және сексуалдық құлдықта ұстау үшін шекара арқылы Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен.

Оқи отырыңыз: Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген 

Полиция қызметкерлері тірі тауарды жеткізу арнасын Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Бахрейн Корольдігінің азаматтарынан құрылған оннан астам адамнан тұратын қылмыстық топ ұйымдастырғанын анықтады.

Олар құрбандарына шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынған, алайда қыздар Бахрейнге жеткеннен кейін бірден сексуалдық құлдыққа түскен.

Жаңалықтар
0