Видео

НАТО Ресейде 5G ұялы байланысының жаңа буынын іске қосуға қарсы шықты – видео

Эстония мен Латвия Ресейдің 5G мұнараларына қарсы соғыс жариялады. Балтық жағалауы елдері ресейлік байланыс операторларының ұялы байланыстың жаңа буынын 4,8 - 4,99 ГГц жиіліктерінде сынақтан өткізіп жатқанына наразы 
Sputnik

Балтық жағалауының екі елі – Латвия мен Эстония Ленинград облысындағы ресейлік 5G мұнараларына қарсы шықты. Олар ресейлік байланыс операторлары ұялы байланыстың жаңа буынын 4,8 - 4,99 ГГц жиіліктерінде сынақтан өткізіп жатқанына наразылық білдіріп отыр.

Осы ауқымда Латвия мен Эстония мүше болған НАТО-ның әскери авиациялық жүйелері жұмыс істеп жатыр. Айтуларынша, ресейлік 5G мұнаралары Солтүстік-Атлантика одағының авиациясына кедергі келтіретін көрінеді.

НАТО-ға кірмейтін, бірақ әскери жүйелері одақ стандарттарына сәйкестендірілген Финляндия елі де Ресейге қойылған талапты қолдады.

Енді Ресейден осы жиіліктерді пайдаланудан бас тартуды талап етіп жатыр.