Әлем

Ресей елшілігі Қара теңіздегі кемелерге қатысты АҚШ-қа үндеу жолдады

Елшіліктегілер АҚШ Қара теңізде жау іздеп жүргенін және әскери оқу-жаттығуларды желеу етіп, акваторияда кемелерді ұзақ уақыт ұстауды көздеп отырғанын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі америкалық серіктестерін Қара теңізде қару-жарақпен сес көрсетуді, сондай-ақ акваторияда америкалық кемелерді орналастыруға сылтау іздеуді доғаруға шақырды, деп хабарлайды Sputnik радиосы.  

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштері түрік флотымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізетінін мәлімдеген болатын. Оған екі эсминец пен екі Р-8А барлаушы ұшағы қатысты.

Қазақстан қай елден артта қалды – әскери күш-қуаттың әлемдік рейтингі жарияланды
"Біз америкалық әскерилерді АҚШ-тың аймақтық суларында өз ісімен айналысуға және еш негізсіз қару-жарақты жалаңдатуды доғаруға шақырамыз. Қара теңіздегі бейбітшілік пен қауіпсіздік басқа мемлекеттің араласуын қажет етпейді", - деп жазылған дипломатиялық миссияның үндеуінде.

Сондай-ақ, елшіліктегілер АҚШ Қара теңізде жау іздеп жүргенін және әскери оқу-жаттығуларды желеу етіп, акваторияда Америка кемелерін ұзақ уақыт ұстауды көздеп отырғанын атап өтті.

23 қаңтарда Қара теңізде "Дональд Кук" америкалық эсминеці пайда болды. Ол "Портер" кемесіне барып қосылды. Күні кеше олар Қара теңіз аймағынан шықты.

Бұған дейін Sputnik радиосы АҚШ Эстонияның 13 миллион долларды қамтитын қорғанысына қолдау білдіргенін хабарлаған болатын.