НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Сәрсенбі, 10 ақпанда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл атмосфералық фронттар өтуімен байланысты.
Солтүстікте қар жауады, оңтүстік те де жауын-шашын болады, деп хабарлады "Қазгидромет".
Дабылды ескерту
Атырау облысында тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында боран, тұман, көктайғақ болады деген болжам жасалып отыр. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
Ақмола облысында бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында - тұман, көктайғақ. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында да бұрқасын мен тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қарағанды облысында жел күшейеді (15-20 м/с) көктайғақ, тұман және боран.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада 10 ақпанда күндіз минус 21-23 градус, желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 27-29 градус суық.
Алматыда жауын-шашын болуы мүмкін. Күндіз плюс 2-4 градус, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде 2-4 градус жылы.
Шымкентте жаңбыр жауады. Күндіз 7-9 градус жылы, жел жылдамдығы 8-13 м/с. Түнде -1+1 градус.