Өңірлер

Қазгидромет ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Абзал КалиевСильная метель в Нур-Султане
Сильная метель в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Солтүстікте қар жауады, оңтүстік те де жауын-шашын болады, деп хабарлады "Қазгидромет". Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Сәрсенбі, 10 ақпанда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл атмосфералық фронттар өтуімен байланысты.

Солтүстікте қар жауады, оңтүстік те де жауын-шашын болады, деп хабарлады "Қазгидромет".

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында боран, тұман, көктайғақ болады деген болжам жасалып отыр. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ақмола облысында бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында - тұман, көктайғақ. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында да бұрқасын мен тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жел күшейеді (15-20 м/с) көктайғақ, тұман және боран.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 10 ақпанда күндіз минус 21-23 градус, желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 27-29 градус суық.

Алматыда жауын-шашын болуы мүмкін. Күндіз плюс 2-4 градус, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде 2-4 градус жылы.

Шымкентте жаңбыр жауады. Күндіз 7-9 градус жылы, жел жылдамдығы 8-13 м/с. Түнде -1+1 градус.

 

Жаңалықтар
0