Өңірлер

Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа қайта оралды

8 ақпандағы жағдай бойынша республиканың өзі коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта орналасқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан астанасы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

8 ақпандағы өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирусты жаңадан жұқтырғандардың саны едәуір азайды

Жалпы Қазақстанның өзі "жасыл" аймақта тұр.

30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысқан еді. Осыдан кейін елордада карантиндік шаралар жеңілдетілді.