НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан астанасы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
8 ақпандағы өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары тұр.
"Сары" аймақта – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирусты жаңадан жұқтырғандардың саны едәуір азайды
Жалпы Қазақстанның өзі "жасыл" аймақта тұр.
30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысқан еді. Осыдан кейін елордада карантиндік шаралар жеңілдетілді.