НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Дүйсенбі, 8 ақпанда, батыс өңірлерден өзге аймақтарда жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деді "Қазгидромет".
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 8 ақпан күні қар жауады. Күндіз минус 3-5 градус, жел жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 10-12 градус нөлден төмен.
Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз плюс 7-9 градус, жел жылдамдығы – 2-7 м/с. Түнде – 0+2 градус.
Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз – 10-12 градус жылы, жел жылдамдығы - 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде 3-5 градус жылы.
Дабылды ескерту
Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман болады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысында тұман, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Түнде және таңертең Ақтау мен Маңғыстау облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Қостанай облысында да бұрқасын болжанып отыр. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аймағында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болады.