Өңірлер

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды – дүйсенбіде ауа райы қандай болады

© AP Photo / Nati HarnikЛюди переходят дорогу во время метели
Люди переходят дорогу во время метели   - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2021
Жазылу
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Бес өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Дүйсенбі, 8 ақпанда, батыс өңірлерден өзге аймақтарда жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деді "Қазгидромет".

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 8 ақпан күні қар жауады. Күндіз минус 3-5 градус, жел жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 10-12 градус нөлден төмен.

Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз плюс 7-9 градус, жел жылдамдығы – 2-7 м/с. Түнде – 0+2 градус.

Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз – 10-12 градус жылы, жел жылдамдығы -  8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде 3-5 градус жылы.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман болады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысында тұман, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Түнде және таңертең Ақтау мен Маңғыстау облысында көктайғақ болуы мүмкін. 

Қостанай облысында да бұрқасын болжанып отыр. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аймағында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болады.

Жаңалықтар
0