Нұр-Сұлтандағы ботаникалық бақта екі жылыжай бар: тропикалық және суккулентті. Келушілер қос жылыжайдағы түрлі өсімдіктерді тамашалай алады.
Тропикалық жылыжайда мамандар апельсин, құрма, банан және кокос өсіруде. Олар бұл жемістер дүкеннен сатып алған жемістерге қарағандай әлдеқайда дәмді екенін айтты.
Мұнда гүлді өсімдіктер де бар. Лиана тропикалық жылыжай орналасқан пирамиданы айнала шырмап, сән беріп тұр.
Терезенің арғы жағындағы ауа райына қарамастан, мұндағы кей өсімдіктер жыл он екі ай гүлдей береді. Қызметкерлер арнайы климаттық жүйенің көмегімен жылыжайдың ішінде бірқалыпты 18-20 градусты ұстап тұрады.
Суккуленттер бар жылыжайда түрлі пішіндегі кактустар басым. Келушілердің жылыжайдан қалаған гүлдерін сатып алуына болады.
Суккуленттер – су қорына арналған арнайы тіндері бар өсімдіктер. Олар әдетте құрғақ климатты аймақта өседі.
Жылыжайдағы көз тоймас әсемдікті Sputnik Қазақстанның суреттер топтамасынан тамашалаңыз.