Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Елордадағы ботаникалық бақта не өседі – жемістер мен гүлдердің әсем суреттері

Жазылу
Қыстың қақаған аязды күндерінде елордада жеміс пісіп, көздің жауын алар гүлдер бүршік жарды. Ал, экзотикалық өсімдіктер басқа елде жүргендей әсер береді. Sputnik Қазақстан Ботаникалық бақта серуен құрып қайтты. Суреттер топтамасын тамашалаңыз!

Нұр-Сұлтандағы ботаникалық бақта екі жылыжай бар: тропикалық және суккулентті. Келушілер қос жылыжайдағы түрлі өсімдіктерді тамашалай алады.

Тропикалық жылыжайда мамандар апельсин, құрма, банан және кокос өсіруде. Олар бұл жемістер дүкеннен сатып алған жемістерге қарағандай әлдеқайда дәмді екенін айтты.

Мұнда гүлді өсімдіктер де бар. Лиана тропикалық жылыжай орналасқан пирамиданы айнала шырмап, сән беріп тұр.

Терезенің арғы жағындағы ауа райына қарамастан, мұндағы кей өсімдіктер жыл он екі ай гүлдей береді. Қызметкерлер арнайы климаттық жүйенің көмегімен жылыжайдың ішінде бірқалыпты 18-20 градусты ұстап тұрады.

Суккуленттер бар жылыжайда түрлі пішіндегі кактустар басым. Келушілердің жылыжайдан қалаған гүлдерін сатып алуына болады.

Суккуленттер – су қорына арналған арнайы тіндері бар өсімдіктер. Олар әдетте құрғақ климатты аймақта өседі.

Жылыжайдағы көз тоймас әсемдікті Sputnik Қазақстанның суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

© Sputnik / Абзал КалиевЖылыжайға кіргеннен-ақ даладағы қыс туралы ұмытып, тропикалық елге тап болғандай күй кешесіз.
Заходя в оранжерею, вы будто оказываетесь в настоящих тропиках, забывая, что за окном морозная зима - Sputnik Қазақстан
1/12
Жылыжайға кіргеннен-ақ даладағы қыс туралы ұмытып, тропикалық елге тап болғандай күй кешесіз.
© Sputnik / Абзал КалиевЖергілікті қызметкерлер ботаникалық бақтағы апельсиндер дүкендегіге қарағанда әлдеқайда дәмді дейді
Растущие в Ботаническом саду апельсины намного вкуснее магазинных, говорят местные сотрудники - Sputnik Қазақстан
2/12
Жергілікті қызметкерлер ботаникалық бақтағы апельсиндер дүкендегіге қарағанда әлдеқайда дәмді дейді
© Sputnik / Абзал КалиевАл мынау бума жақын уақытта сары бананға айналады.
А это будущие бананы. Именно так они выглядят, когда только созревают на дереве - Sputnik Қазақстан
3/12
Ал мынау бума жақын уақытта сары бананға айналады.
© Sputnik / Абзал КалиевМұнда кокос пальмасын кезіктіруге де болады
Здесь можно встретить даже кокосовую пальму - Sputnik Қазақстан
4/12
Мұнда кокос пальмасын кезіктіруге де болады
© Sputnik / Абзал КалиевЭкзотикалық гүлдер мен жемістердің арасында қылқанды өсімдіктер де бар. Алайда, мына шырша мүлде тікенді емес
Среди обилия экзотических фруктов и цветов растут и хвойные растения. В отличие от колючих собратьев эти елочки совсем безобидны - Sputnik Қазақстан
5/12
Экзотикалық гүлдер мен жемістердің арасында қылқанды өсімдіктер де бар. Алайда, мына шырша мүлде тікенді емес
© Sputnik / Абзал КалиевБасқа жылыжайда кактус түрі өте көп
В другой оранжерее с суккулентами растут различные виды кактусов - Sputnik Қазақстан
6/12
Басқа жылыжайда кактус түрі өте көп
© Sputnik / Абзал КалиевКейбір кактустардың кіші болатыны соншалық, топыраққа еніп кеткендей
Некоторые кактусы очень маленькие и легко маскируются под грунт - Sputnik Қазақстан
7/12
Кейбір кактустардың кіші болатыны соншалық, топыраққа еніп кеткендей
© Sputnik / Абзал КалиевЕлордадағы ботаникалық бақта гүлдердің алуан түрі бар
В столичном ботаническом саду большая коллекция цветов - Sputnik Қазақстан
8/12
Елордадағы ботаникалық бақта гүлдердің алуан түрі бар
© Sputnik / Абзал КалиевКез-келген талғамға сай өсімдік табуға болады
Найдутся варианты на любой вкус - Sputnik Қазақстан
9/12
Кез-келген талғамға сай өсімдік табуға болады
© Sputnik / Абзал КалиевТікенекті гүлдердің сүйкімді түрлері де жоқ емес
Встречаются и очень милые виды колючих цветов - Sputnik Қазақстан
10/12
Тікенекті гүлдердің сүйкімді түрлері де жоқ емес
© Sputnik / Абзал КалиевТропикалық жылыжайда жақын және алыс шет мемлекеттерден жеткізілетін көптеген әдемі гүлдер өседі
В тропической оранжерее произрастает множество красивых цветов, которые привозят в нашу страну из дальнего и ближнего зарубежья - Sputnik Қазақстан
11/12
Тропикалық жылыжайда жақын және алыс шет мемлекеттерден жеткізілетін көптеген әдемі гүлдер өседі
© Sputnik / Абзал КалиевБотаникалық баққа келушілер мамандармен кеңесе отырып, жылыжайдағы гүлдердің ішінен ұнағанын сатып ала алады
Желающие могут выбрать понравившийся цветок и приобрести его прямо в оранжерее - Sputnik Қазақстан
12/12
Ботаникалық баққа келушілер мамандармен кеңесе отырып, жылыжайдағы гүлдердің ішінен ұнағанын сатып ала алады
Жаңалықтар
0