Қоғам

Қазақстанда коронавирустың "қызыл" және "сары" аймағы жаңарды

COVID-19 індетін жұқтырған науқастар санының азаюы Солтүстік Қазақстан облысына "қызыл" аймақтан шығуға мүмкіндік берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта екі өңір қалды – Ақмола және Павлодар облыстары.

6 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.

Бұл аймақта сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары тұр. Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.  

Оқи отырыңыз: Қандай фактор коронавирустан болатын өлім-жітімді 9 есе көбейтеді 

Еске сала кетейік, карантиннің жеңілдетілуі немесе күшейтілуі түс градациясына байланысты болады.

Тұтастай алғанда Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.  

6 ақпандағы мәлімет бойынша, өткен тәулікте елде 1141 адамнан COVID-19 табылды. Павлодар облысы өңірлер арасында науқастар санының өсімі бойынша көш бастады – 223 науқас.