Әлем

Қандай фактор коронавирустан болатын өлім-жітімді 9 есе көбейтеді

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКБыли продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления
Были продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2021
Жазылу
Қызыл иек ауруына шалдыққан адамдар қарқынды терапия бөліміне 3,5 есе жиі түседі, ал жасанды тыныс алу аппаратын 4,5 есе жиі қажет етеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Ғалымдар коронавирустан болатын өлім-жітім қаупін едәуір арттыратын факторды анықтады, деп хабарлады MedicalXpress порталы.

Іріктеуге 2020 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында COVID-19 диагнозы қойылған 568 науқас, сондай-ақ олардың стоматологиялық карталарындағы мәліметтер енгізілді. Халықаралық зерттеушілер тобы зерттеуге қатысқандардың жартысына жуығы – 45 проценті қызыл иек ауруына шалдыққанын анықтады.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер коронавирус жұқтыру қаупін арттыратын жайтты атады 

Асқынуға себеп болатын барлық фактор – жасы, жынысы, дене салмағының индексі және зиянды әдеттері ескерілгеннен кейін, қызыл иек ауруына шалдыққан адамдар қарқынды терапия бөліміне 3,5 есе жиі түсетіні, ал жасанды тыныс алу аппаратын 4,5 есе жиі қажет ететіні және коронавирустан тоғыз есе көп көз жұматыны белгілі болды.

Сонымен қатар, қызыл иек ауруына шалдыққан COVID-19 пациенттерінде ағзадағы қабынуды көрсететін қан маркерлері айтарлықтай жоғары болған. Ғалымдар бұл қабыну реакциясы осы топтағы адамдардың дерті жиі асқынатынын білдіруі мүмкін деп санайды.

Жаңалықтар
0