НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясын пара алып жатқан жерінде ұстады", - деп хабарлады облыстық сот.
Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сай жарияланбайды, деді соттағылар.
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде сенбі, 6 ақпанда 30 мың еуро көлемінде пара алып жатқан жерінде судья ұсталды деген ақпарат тарады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бес вице-министр тергеуге алынды