Әлем

Атақты Голливуд актері қайтыс болды

"Оскар" сыйлығының иегері Кристофер Пламмер саналы ғұмырында жүзден астам фильмде түскен, актерлік шеберлігі үшін алған марапаттары жетерлік
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. "Оскар" сыйлығының иегері, белгілі канадалық актер Кристофер Пламмер 91 жасында өмірден озды, деп хабарлады Variety.

Актер 5 ақпан таңертең АҚШ-тың Коннектикут штатындағы өз үйінде қайтыс болған.

Атақты Голливуд актері қайтыс болды

Пламмер – "Эмми" және "Тони" премиясының екі дүркін лауреаты, АҚШ киноактерлері Гильдиясы сыйлығының иегері, "Оскар", BAFTA, "Алтын глобус" және "Тәуелсіз рух" премияларының лауреаты.

Пламмер саналы ғұмырында жүзден астам фильмге түскен. Актер "Звуки музыки" кинофильміндегі капитан фон Трапп рөлі арқылы аса танымал. 2012 жылы "Начинающие" туындысындағы екінші пландағы рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды. Ал 2018 жылы "Все деньги мира" фильміндегі рөлі үшін "Оскарға" ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Танымал фильмдерде ойнаған актриса қайтыс болды