Әлем

Танымал фильмдерде ойнаған актриса қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актриса ауруханаға жеткізіліп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Алайда аман алып қалу мүмкін болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Джеймс Бондтың сүйіктісін ойнаған актриса Таня Робертс 65 жасында көз жұмды, деп хабарлайды TMZ басылымы.

Актриса өкілінің айтуынша, Таня Робертс Жаңа жылға дейін иттерін далаға шығарып, серуендеп қайтпақ болған. Үйіне оралған кезде құлап, жарақат алды. Актриса ауруханаға жеткізіліп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Алайда аман алып қалу мүмкін болмаған.

Оның коронавирус жұқтырмағаны хабарланып отыр.

Басылым актрисаның денсаулығы жақсы болғанын жазады. Ол жанкүйерлерімен видео арқылы сөйлесіп жүрген.

Таня Робертс 1985 жылы шыққан "Вид на убийство" (Джеймс Бондтың сүйіктісі Стейси Саттон рөлінде), "Шина – королева джунглей" (1984 жыл),  "Ангелы Чарли"  сериалына (1976-1981) және тағы бірнеше фильмге түскен.

Бұған дейін "бондиана" арқылы танылған актер Шон Коннери 91 жасында көз жұмғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0