Оқиға

Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шамалған стансасындағы полиция желілік бөлімінің қызметкерлері отар қой иесін анықтады
Sputnik

ПАВЛОДАР, 5 ақпан – Sputnik. Полицейлер Алматы облысының тұрғынын жауапқа тартты. Оның кесірінен 14 қой пойыз астына түсті. Пойызды тоқтатуға тура келді, деп хабарлады ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова Sputnik Қазақстанға.

Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото

 

"Қопа - Жиренайғыр жолында жүк пойызының машинисі отар қой көрген. Ол шұғыл тоқтау әдісін қолданды. Пойыз тоғыз минут бойы тоқтап тұрды", - деді департамент басшысының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шамалған стансасындағы полиция желілік бөлімінің қызметкерлері отар қой иесін анықтады. Алматы облысының 51 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік кодекстің 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес, бес айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) көлеміндегі айыппұл салынады.