ПАВЛОДАР, 5 ақпан – Sputnik. Полицейлер Алматы облысының тұрғынын жауапқа тартты. Оның кесірінен 14 қой пойыз астына түсті. Пойызды тоқтатуға тура келді, деп хабарлады ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова Sputnik Қазақстанға.

"Қопа - Жиренайғыр жолында жүк пойызының машинисі отар қой көрген. Ол шұғыл тоқтау әдісін қолданды. Пойыз тоғыз минут бойы тоқтап тұрды", - деді департамент басшысының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.
Оның айтуынша, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шамалған стансасындағы полиция желілік бөлімінің қызметкерлері отар қой иесін анықтады. Алматы облысының 51 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік кодекстің 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес, бес айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) көлеміндегі айыппұл салынады.