Фото

Алматыдағы Ұлы Жібек жолы көрмесі: ерекше артефактар фотосы

Sputnik

Көрме экспозициясына орта ғасырдағы қалалар мен елді мекендерден табылған елуге тарта ерекше бұйымдар қойылған. Көрме кереметін фотосуреттер топтамасынан тамашалаңыз!

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған көрме Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы мен оның қазіргі Алматы облысының аумағында ортағасырлық қалалардың пайда болуына ықпал еткен Жетісу бөлігінде өркендеуі туралы сыр шертеді.

Бұл аймақта Қастек, Еңбекші, Талғар, Шелек, Қаялық сынды қалалардың қираған үйінділері табылған. Осы қалалар бірнеше ғасыр бойы ғылым мен саясаттың, қолөнер мен сауданың және мәдениеттің орталығы болып келген. Дамыған қалаларда сол кездегі озық өнертабыстар қолданылып, адамдардың қолайлы өмірі үшін жағдай жасалған.

Көрме экспозициясында ортағасырлық қалалар мен қоныстардың 50-ге тарта айрықша олжалары көрермен назарына ұсынылған: саздан, қоладан және темірден жасалған ыдыстар, қола және мыс зергерлік бұйымдары және киімге арналған түрлі жапсырмалар, жебе ұштары, шамдар, музыкалық аспаптар. Талғардағы тиындардың қазынасы ерекше орынға ие. Бұл экспонаттар VIII-XIII ғасырлар кезеңіне жатады.

"Өткен дәуірдің артефактарына көз сала отырып, біз осы аймақта көп ғасырлар бұрын тіршілік еткен адамдардың өмірін көз алдымызға елестете аламыз. Көрме қонақтары тамақ әзірленген ыдыстар мен ошақтарды, суға арналған ыдысты және тағы басқа дүниелерді тамашалай алады. Біздің елді мекенде сирек кездесетін тиындар да айрықша экспонаттарға жатады. Құс түріндегі музыкалық аспап археологтар үшін аса құнды олжа", – деді "Апорт молл" сауда орталығының арт-директоры Светлана Киляоглова.

Туған өлкенің тарихы және Жетісудағы бірнеше ғасыр бұрынғы адамдардың өмірімен ақпан айының соңына дейін танысуға болады. Көрме Өнер аллеясындағы "Апорт моллдың" жаңа ғимаратында орналасқан.

"Есік" қорық-музейі жайлы

"Есік" мемлекеттік қорық-музейі Алматы қаласының маңында 422,7 гектар жерде орналасқан. Ол Ұлы Жібек жолы магистральдарының бірінде орналасқан. Онда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Есік қорымының 80 қорғаны, Рахат, Өрікті және Талғар сияқты ескі қалалардың ежелгі сақ қоныстары бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қысқы мезгілдің қызығы қандай – фото

Қорық-музейдің қорында үш мыңға жуық экспонат бар. Олардың басым бөлігі Қазақстанның жетекші музейлерінде сақталатын бұйымдар.

1 / 12
Қазіргі заманғы қазандардың баламасы. Бұл қазан ас дайындау үшін қолданылған
2 / 12
Орта ғасырда адамдар саздан, қоладан және темірден жасалған ыдыстарды пайдаланған
3 / 12
Көрме экспозициясына ортағасырлық қалалар мен қоныстардың 50 айрықша бұйымы қойылған
4 / 12
Барлық экспонаттар VIII-XIII ғасырлар кезеңіне жатады
5 / 12
Көрме Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы мен оның Жетісу бөлігінде өркендеуі туралы сыр шертеді
6 / 12
Сурет бейнеленген керамикалық пиала
7 / 12
Керамикалық шам мен құмыра
8 / 12
Қазіргі Алматы облысының аумағында тіршілік еткен адамдар су құбыры үшін саз құбырларды қолданған
9 / 12
Талғардан табылған тиындардың қазынасы ерекше орын алады
10 / 12
Суға арналған ыдыс
11 / 12
Тамақ әзірлеу үшін қолданылған ошақ. Оның ортасына от қойылған
12 / 12
Туған өлкенің тарихы және Жетісудағы бірнеше ғасыр бұрынғы адамдардың өмірімен ақпан айының соңына дейін танысуға болады