НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қаржылық мониторинг агенттігі Tengri Bank АҚ бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында бірнеше адамды халықаралық іздеуде жүргендер санатына қосты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Tengri Bank АҚ әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры, 1977 жылы туған Бақытов Алмас Бақытұлы мен ол бақылайтын компаниялардың бірінің басшысы, 1991 жылы туған Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужанқызына халықаралық іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы – "қамауға алу" болып табылады", – делінген ведомство ақпаратында.
Tengri Bank лицензиясынан айырды
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Tengri Bank көптеген заңбұзушылықтары үшін банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырылды.
Клиенттердің банктік шоттары мен банктің барлық операциялары тоқтатылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11 қадағалау жауабын алып, банкке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 36 хаттама толтырды.
Банктің бұрынғы менеджерлері күдікке ілінді
Өткен жылдың қараша айында қаржылық мониторинг комитетінің экономикалық тергеу қызметі бастаған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Tengri Bank АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты 5,4 миллриад теңгеден астам сомадағы банк қаражатын жымқыру ("сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету") фактісі бойынша іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Tengri Bank салымшыларының ақшасы қалай қайтарылады?
"2020 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласының тергеу соты Ильясов пен Жадықов және Жылқыбаеваны екі айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы негізінде санкциялады", – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.