Қоғам

Вакцина салдырғаннан кейін маска тақпауға бола ма – вице-министр жауабы

Карантинді жеңілдету және шектеулерді алып тастау үшін халықтың кем дегенде 50 пайызы вакцина салдыруы тиіс, деп атап өтті Ерлан Қиясов
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният басқа инфекциялармен ауырмау үшін бетпердені шешпеуге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинадан кейін антидене екі аптадан соң және 56 күнге дейін түзіледі. 56 күннен кейін берік иммунитет пайда болады. Сол себепті біз вакцинаның екінші дозасын алғанға дейін басқа инфекция жұқтырмау үшін бетперде тағуға кеңес береміз", - деді Ғиният онлайн брифингте.

Ал денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың айтуынша, карантинді жеңілдету және шектеулерді алып тастау үшін халықтың кем дегенде 50 пайызы вакцина салдыруы тиіс.  

"Сол кезде ғана ұжымдық иммунитет пайда болады. Сол себепті шектеу шараларын әлсірету мәселесін вакциналау науқаны аяқталған соң қарастырамыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус статистикасы өзгереді

3 ақпандағы жағдай бойынша республикада 190 359 адамда коронавирус диагнозы расталды. Тағы 48 005 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Оның ішінде коронавирустың оң нәтижесімен 10 840 бала тіркелді.