Өңірлер

Сарыағаштық полицейлер шекарадан есірткі өткізбек болған ер адамды ұстады

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген өсімдік тектес зат екі грамнан асатын "Апиын" есірткісі болып шықты  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Сарыағаштық полицейлер екі дана мүшеқапқа есірткі салып, шекарадан өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.   

Сарыағаш АПБ кезекші бөлімінің 102 пультіне "Жібек жолы" шекара бекетінде есірткі контрабандасы анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.  

Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде "Линда" атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады. 

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншінің сөмкесінен 13 пакет есірткі табылды – видео 

Жедел уәкілдер күдіктіні, Қазақстан азаматын тінту кезінде оның шалбарынан екі дана мүшеқапқа оралған есірткіге ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат 2 грамнан асатын "Апиын" болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 286-бабы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.